22.09.2023, 14:30
Оқылды: 93

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген

2021 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 1 218 адам жарақат алып, 259 адам көз жұмған. Биылғы жылдың сегіз айында облыста жол-көлік оқиғасының саны 29%-ға және зардап шеккендер саны 35%-ға өскен.

полис жп

Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, жол-көлік оқиғасын азайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу мақсатында облыс прокурорының төрағалығымен, өңір басшысының қатысуымен Батыс Қазақстан облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі жазды.

«Жиын барысында жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі мәселелері талқыланып, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктер көрсетілді.

Атап айтқанда, жол инфрақұрылымы, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және полиция органдары жұмысы жай-күйінің мәселелері қаралды.

Облыс жолдарындағы апаттылықты азайту үшін 2023-2025 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша «Жол картасы» таныстырылды.

Бұл карта бағдаршамдарды, жарықтандыруды, интеллектуалды қиылыстарды, тротуарларды орнату және т.б. жұмыстарды қарастырады.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға облыс жолдарындағы апаттылықты азайтуға бағытталған тапсырмалар берілді», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале