Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
БҚО ПД Патрульдік полиция батальонының экипажы 29-ыншы қыркүйек күні, сағат шамамен 10:15-те «Самара-Шымкент» тасжолындағы Подстепный ауылының маңында «DAF» маркалы ауыр жүк көлігін тоқтатады.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау) бойынша құқық бұзған.
Көлік рөлінде Беларусия Республикасының 1983 жылғы азаматы болған. Ол полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың көлемінде пара ұсынған.
Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақыртылған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ал көлік арнайы тұраққа қойылған.
Айта кету керек, биыл ішкі істер министрлігімен ішкі істер органдары қызметкерлерінің адалдығын тексеру барысында «Integrrity check» пилоттық жобасы іске қосылған болатын.
Қазіргі уақытта әр патрульдік полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, сондай-ақ, олардың қызметтік автокөліктері және орындары ақпаратты автоматты түрде жіберетін немесе жедел басқару орталықтарына жедел әрекет ету үшін жүктейтін, азаматтармен тікелей байланыс жасау заманауи фиксаторларымен жабдықталған.
zhaikpress.kz