Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Джу-джитсудан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.
Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.
- Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін көптеген адамдарды таң қалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан, біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін, - деді ҚР Спорт туризм министрі Ермек Маржықпаев.