6.10.2023, 12:00
Оқылды: 58

БҚО-да сапасыз интернет үшін байланыс операторларына 139,7 млн айыппұл салынды

БҚО-да биыл өңіраралық байланыс инспекциясы байланыс операторларына жоспардан тыс 58 тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде сапасыз интернет үшін 139,7 млн теңге айыппұл салынған. Нақтырақ айтқанда, Beeline - 43,9 миллион теңге, Теle2/Аltel - 56,9 миллион теңге, Kcell/Аctiv - 38,8 миллион теңге айыппұл арқалаған.

Бұл туралы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан айтты.

орал

Жалпы облыста 413 елдімекен болса, соның ішінде 307 ауылда интернет бар.
- Жылдың яғына дейін Орал қаласы мен 87 ауылда мобильді интернетпен қамту және сапасын жақсарту жоспарланған. Қазіргі таңда 60 елді мекенде, оның ішінде 21-не жаңа базалық станция, 16 ауылда 4G стандартын қосу арқылы сапасын жақсарту жұмысын жүргізді. Жыл соңына дейін 27 елді мекенде мобильді байланыс сапасы жақсартылады. Сондай-ақ Kcell байланыс операторы Орал қаласына 7 дана 5G стандартын қосуды жоспарлады, - дейді Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрлан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале