12.10.2023, 18:00
Оқылды: 57

1100 итке вакцина салынды

Бүгінгі күнде бұралқы иттен төніп тұрған қауіп көп. Өйткені көше-көшені жағалап тамақ іздеп жүретін қаңғыбас ит адамдарға, мектеп оқушыларына шабуыл жасауы әдбен мүмкін. Қазіргі кезде көше кезген иттен аяқ алып жүру мүмкін емес. Адамды құтырған ит қапса, арты жақсылыққа апармайтынын білеміз. Бұл жайында тиісті сала мамандары түсіндірме жұмысын қаншалықты жүргізіп отыр? Тасқала ауданы көлемінде құтырған иттерді жою, олардың көбеюін алдын алу жолға қойылған ба? Осы сұрақтар аудан көшелерінде өріп жүрген жүгенсіз иттерді көргенде еріксіз ойға оралады.

ЖП ИТ

 – Аудандық ветеринария станция мамандарының айтуынша, құтыруға қарсы вакцина 2023 жылғы жоспар бойынша 1400 ит-мысыққа арналған. Тоғыз айлық жоспарға сәйкес 1100 ит пен 190 мысыққа вакцина салынған. 1 қыркүйектен бастап чиптеу басталды. Осы орайда 400 итке чип қою жоспарланып отыр. Бос жүрген ит малдың, түз тағыларының өлексесін жеп, ауру жұқтырады. Одан соң мал аулада болмаса шөпке жатып, ауруын малға жұқтырады. Қазір елімізде ит асыраудың заңды ережелері бар. Итті міндетті түрде байлап ұстап, серуендету кезінде тұмылдырық кигізу керек. Сонымен бірге құтыру ауруына қарсы екпе салдырғаны дұрыс, – дейді аудандық ветеринарлық станцияның маманы Мейрам Қадыржанов.

 

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале