16.10.2023, 10:00
Оқылды: 71

Батыс Қазақстандағы университет қызметкерлері бюджеттің 55 миллион теңгесін жымқырған

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерімен қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай баяндады.
ЖП ақша

Оның айтуынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 миллион теңге бөлген.

Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патент жасалуы керек еді.

Алайда университет ғылыми зерттеу жұмысты формальды жүргізген және патент алмаған.

Бұған қарамастан атқарылған жұмыс туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатыр.

zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале