Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, осы жылдың 9 айында сот шешімімен 134 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылған. Шетелдіктерге сот шешімін орындауға 10 күн уақыт беріледі.
Алайда осы уақыт ішінде Өзбекстан Республикасының 33 азаматы, Тәжікстан Республикасының 4 азаматы және Әзірбайжан Республикасының 1 азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан өз бетінше кетпей, сот шешімін орындаудан жалтарған.
Шығару туралы сот шешімін орындау үшін Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері 41 шетел азаматын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, “Тәжен” өткізу пункті) алып жүруді ұйымдастырды.
Сонымен қатар БҚО аумағында материалдық жағдайының қиындығына байланысты өз бетінше туған жеріне кете алмаған, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының үш азаматы болған.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы реадмиссия туралы келісімге сәйкес көші-қон қызметі Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшілігіне жеткізіліп, олардың отанына оралу туралы куәлігі толтырылды. Одан кейін олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, “Тәжен” өткізу пункті) дейін жеткізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында БҚО полиция департаментінің көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен БҚО аумағында жүрген шетелдік азаматтарды тұрақты түрде тексеріп жатыр.