23.10.2023, 10:30
Оқылды: 47

Ертең «Ақжайық» «Ақтөбе-жасқа» қарсы ойнайды

Өткен турда Түркістан қаласына қонаққа барған «Ақжайық» футбол клубы жергілікті шаһар аттас клубпен күш сынасты. Тең ойнаса да, жеңілсе де жоғары топқа шығу мүмкіндігі көзден бұл-бұл ұшатынын түсінген Игорь Прохницкий жігіттері шабуылға ден қойды.

c7adb21c-ff37-4fcc-b28d-6db7f2029095

Бірақ «Түркістан» ойыншылары оңайлықпен беріле қоймады.

Тек ойынның 61 минутында алыстан қақырата тепкен Роман Чирков «Ақжайыққа» жеңіс сыйлады.

Ертең «Ақжайық» биылғы маусымдағы өз алаңындағы соңғы матчын өткізеді. Қонаққа «Ақтөбе-жас» командасы келеді.

Келер маусымды жоғары топта өткізгісі келсе, оралдық клуб соңғы екі ойынды міндетті түрде жеңуі керек. Тунир кестесінде үшінші орынға жайғасқан астаналық «Жеңістің» сүрінгенін тілейді.

Ал «Жеңіске» соңғы екі мачта тең түссе де жеткілікті.

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале