Биыл наурызда Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Қашаған мұнай кен орнының операторы North Caspian Operating Company компаниясын экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартуды талап етіп сотқа жүгінгенін растады. Қашаған операторы айыппұл туралы ақпараттың жоқтығын айтып отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: kmg.kz
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құзырлы органдары NCOC компаниясының нысандарында экологиялық тексеру жүргізді. Қашаған операторында күкірт сақтауға қатысты айыппұл салу туралы ақпарат жоқ. NCOC компаниясы күкіртке қатысты жұмыстарды ұйымдастыру қызметін жауапкершілікпен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы стандарттар мен үздік тәжірибеге сәйкес іске асырады», - делінген NCOC компаниясының Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ NCOC сыртқы қарым-қатынастар бөлімі күкірт сақтауға қатысты тексеру бойынша бірқатар даудың барын мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімінің (СКӨБК) шеңберіндегі мердігер компаниялар арасында (Ұлттық мұнай компаниясының еншілес KMG Kashagan B.V. кәсіпорнынан басқа) СКӨБК шеңберінде төрелік және сарапшылық анықтауды қажет ететін белгілі ережелерді қолдануға қатысты бірқатар дау бар. Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісімінің мердігер компаниялар Қазақстан Республикасының заңдары мен қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес әрекет еттік деп есептейді. Талқылаудың құпия сипатына байланысты біз қосымша түсініктеме бере алмаймыз», - дейді компаниядан.