31.10.2023, 18:00
Оқылды: 17

Насихат жұмысы жалғасып жатыр

Тасқала ауданы әкіміне үміткер Талғат Шакировтың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы Достық ауылында жалғасты. Ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездескен үміткер өзінің төрт жылға арналған сайлауалды тұғырнамасымен таныстырып, жиналғандардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

фото 5

Жиынға сенімді өкілдері Люция Жұбанышқалиева, Нұртай Жұмашев, Жәрдемғали Балыков пен Ганмирлан Тұрғаналиев, сондай-ақ Сары-Тау Аманбаев арнайы қатысты.

Олар елдегі болып жатқан оң өзгерістерді тілге тиек етіп, сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Әр адамды  міндетті түрде өз сайлау учаскелеріне барып ұйымшылдықпен дауыс беруге шақырды. Әр дауыстың маңызды екеніне тоқталды. Кездесу барысында тұрғындар ауылға мәдениет үйі мен спорт алаңының керектігін айтты. Сондай-ақ бөгеттер мен ауылішілік жолдарға  жөндеу керек екенін жасырмады.

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале