Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланатынын мәлімдегені белгілі.
Осыған сәйкес бүгін Тасқала ауданындағы сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының гимні ойнатылып, сайлау учаскелері жұмысын бастап кетті.
Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Нұрмақовтың айтуынша, аудан бойынша сайлауға жалпы 11 000-ға жуық адам тіркелген.
Айта кетейік, сайлаушылардың ішінде алғаш рет дауыс беретіндер саны – 42.
Ал 185 дауыс берушінің жасы 80-нен жоғары екен.
Тіркелген тұрғындар қатарында 279 студент пен маусымдық әдіспен жұмыс істейтін 260 азамат бар.
Сондай-ақ аудан әкімін сайлауға бақылаушы боп «Amanat» партиясынан 22 адам, «Дауыс» республикалық қоғамдық бірлестігінен 22 адам, «Намыс» қоғамдық бірлестігінен 20 адам және «Ақжол» партиясынан 8 адам қатысып отыр.
Аманжол Исламғали,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz