Ертең облыс орталығының аумағында Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан жедел штабының ұранымен жоспарлы терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулары жүргізіледі.
Фото дереккөзі: aptamedia.kz
Осыған байланысты, 8 қараша күні сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін мына көшелердің қиылысы мен ауданында автокөлік пен халықтың қозғалысына қысқа мерзімді шектеулер қойылады. Олар: Есенжанова көшесі мен Ә. Молдағұлова көшесі, "Омега" көпірі арқылы, сондай-ақ Құрманғазы көшесінің қиылысынан М. Мәметова көшесінің учаскесі Алмазов көшесіне дейін және оған іргелес аумақ.
Қала тұрғындарынан қозғалыс бағыттарын алдын-ала жоспарлап, тыныштықты сақтауды және құқық тәртібін сақтай отыра құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Облыстық штабтың БАҚ-пен
өзара іс-қимыл тобы