8.11.2023, 13:00
Оқылды: 9

Көл жағасына екі мың түп терек егілді

Жақында «Қос өзен» ұжымы жігіттерінің ұйымдастыруымен Казталов ауданына қарасты Ақкөл (Сокрыл) көлі жағасына 2 000 (екі мың) түп тал-терек егілді.

FB_IMG_1699415981985

- Бүгін біздің жігіттер Ақкөл (Сокрыл) көлін жағалай 2 000 түп тал-терек егіп, үлкен істің басынан табылды. Жақсы бастамаға жұмыла кіріскен олар он бригадаға бөлініп, әрқайсысы екі жүз түптен, екі мың түп теректі отырғызып шықты. Болашақта тоған айналасына егілген бұл теректер жайқалып өсіп кетсе, осы жер үлкен тынымбаққа айналары сөзсіз. Келешекте біз, бұл бағыттағы үлкен жоспарларды рет ретімен жүзеге асырамыз, - дейді күз мезгілінде терек егуді ұйымдастырған «Қос өзен» ұжымының басшысы Әлібек Сартаев.

Кәсіпкерлік саласында іскерлігімен бүкіл елге танылып, ауыл тұрғындарының алғысына бөленіп жүрген Әлібек Сартаев бауырымыздың үлкен бастамасы аяқсыз қалмасына жерлестерінің сенімі мол.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале