Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кафе, ресторандардың қызмет көрсеткені үшін 10-15% ақы алуы қаншалықты заңды екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Әр кафенің өз саясаты бар. Олар жалақы төлеуі керек қой. Сол себепті олар сервис үшін қосады. Бірақ оны (шотта – ред.) көрсеткені бір жағынан дұрыс. Оны көрсетпеуге де құқы бар. Бірақ оны бәрібір бағаға қосады, - деп айтты министр.
Сөзінше, ресторан қосымша құн салығын төлемейді. Себебі олар арнайы бөлшек салада отыр.
- Олар ҚҚС төлейтін болса, әрине сервис үшін ақы қосады. Төлемейтін болса, қалай қосады? Оны қосуға құқы жоқ. Олар ҚҚС төлемейді, - деді Қуантыров.
Гүлжан Раманқұлова,
baq.kz