9.11.2023, 18:00
Оқылды: 25

Жаңақалалықтар жүлделі оралды 

Бүгін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен  қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Сағат Әбдуғалиевтің 75 жылдығына арналған «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты облыстық жыр мүшәйрасы қорытындыланды.
image-09-11-23-05-24
Бұл ақындар жарысын Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы мен Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО филиалы ұйымдастырған.
Жыр мүшәйрасы ең алдымен Қадыр Мырза  Әлі ескерткішіне гүлшоғын қоюдан басталды.
Мүшәйраға 18 ақын өз туындыларын ұсынып, нәтижесінде 8 ақын суырылып, қорытынды кезеңге жолдама алған.
Ақындар мүшәйраға екі өлең жолдаған. Біреуі Сағат Әбдуғалиевке, екіншісі туған жерге арналған. Жерлестеріміз Алтынбек Ермекқалиев 3-орынды иеленсе, Марлен Ғилымхан 1-орынға ие болды.
Ақерке Мәлікқызы.
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале