Бүгін БҚО-да батагөй ақсақалдар арасында облыстық байқау өтті.
Суреттерді түсірген Мәди Салық
Облыстық ардагерлер кеңесі, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы және «Интеграл» жастар жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды.
Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста қариялар бата берді.
Үш кезеңді құраған «Бата дарып, бақ қонсын!» атты облыстық бата беру байқауына өңірдің 12 ауданнан және облыс орталығынан ақсақалдар қатысты.
Қазақ халқының ұлттық құндылығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен сайыста Тасқала ауданынан келген Жұмагелді Үмбеталиев бас жүлде иегері атанды.
Қазылар алқасының ұйғаруымен екінші орынды ақжайықтық Сағындық Бисенғалиев, үшінші орынды бөкейордалық Тілеген Арыстанбеков иеленді.
zhaikpress.kz