16.11.2023, 16:15
Оқылды: 1180

БҚО-да бата беру байқауы өтті

Бүгін БҚО-да батагөй ақсақалдар арасында облыстық байқау өтті.

20F1F6AF-AE33-4356-ACA7-A57E31BAA716

Суреттерді түсірген Мәди Салық

Облыстық ардагерлер кеңесі, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы және «Интеграл» жастар жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды.

Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста қариялар бата берді.

FCBCAE91-AB89-4757-837E-578D6A36D38A

Үш кезеңді құраған «Бата дарып, бақ қонсын!» атты облыстық бата беру байқауына өңірдің 12 ауданнан және облыс орталығынан ақсақалдар қатысты.

Қазақ халқының ұлттық құндылығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету, халық шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен сайыста Тасқала ауданынан келген Жұмагелді Үмбеталиев бас жүлде иегері атанды.

39B3E6EA-9609-40FE-9582-CACDF8AD45B1

Қазылар алқасының ұйғаруымен екінші орынды ақжайықтық Сағындық Бисенғалиев, үшінші орынды бөкейордалық Тілеген Арыстанбеков иеленді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале