29.11.2023, 15:30
Оқылды: 18

Шаруашылықтар үшін де, қарапайым тұрғындар үшін де негізгі мәселе – жер

Сырым ауданындағы Көздіғара негізгі мектебінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру, жылуды сақтау үшін ғимараттың сыртын қаптау мәселесі осыған дейін Сарой ауылдық округіндегі жиналыстарда жиі айтылып жүрді. Биыл бұл шаруа алға басыпты. Сырым аудандық білім беру бөлімі қаптау үшін материалдарды жеткізіп беріп, жұмыс басталған. Қосымша 913 290 теңгеге парталар мен жиһаздар сатып алынды. Бұл туралы округ әкімі Айбол Жакиев есеп беру жиынында айтты.

PHOTO-2023-11-29-10-50-03

Бүгінгі таңда Сарой ауылдық округінде 29 шаруа қожалығы мен 3 ауылшаруашылық кооперативі тіркелген. Шаруашылықтар үшін де, қарапайым тұрғындар үшін де негізгі мәселе – жер. Халықтың малы жеке иеліктегі жерлерге кіріп жайылады немесе шаруашылықтың түліктері округтің жайылымында жүреді дегендей. Осы мәселе бойынша сұрақтарға Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанболат Мұхамбетжанов картасын жайып тұрып жауап берді.

PHOTO-2023-11-29-10-50-07

Әкімдермен кездесуде саройлықтар ауылды абаттандыру, жарықшамдарды көбейту жөнінде ұсыныстар айтты.

PHOTO-2023-11-29-10-50-08

Жиынды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қорытындылады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале