7.12.2023, 18:43
Оқылды: 1112

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күні: конвенцияға 172 мемлекет қосылған

Бүгін Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күніне және БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына 20 жыл толуына орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 19.47.30

Айта кетсек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылдың 31 қазанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 58/4 қарары арқылы қабылданды. Қазіргі уақытта конвенцияға 172 мемлекет қосылған.

Конвенцияның мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым тиімді және пәрменді алдын алуға және онымен күресуге бағытталған шараларды қабылдауға жәрдемдесу және нығайту. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және оған қарсы күресте, оның ішінде активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылдауда халықаралық ынтымақтастықты және техникалық көмекті көтермелеу, жеңілдету және қолдау, адалдық пен сатылмаушылықты, жауапкершілікті, сондай-ақ жария істер мен жария мүлікті тиісінше басқаруды көтермелеу.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 19.47.30 (3)

Дөңгелек үстелді ашқан Нариман Төреғалиев:

- Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлықтың болуына себеп болатын жағдайлар мен себептерді анықтау және барынша азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу негізі болып айқындалады. Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізу туралы тапсырмаларына сәйкес облыста халықтың мемлекетке деген сенімін, мемлекеттік органдар жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі аймақтық комиссия жұмысы жоспарлы, тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Комиссия отырысында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, мемлекеттік мекемелермен жемқорлыққа қарсы әрекет бағытында атқарылып жатқан жұмыстың есебі тыңдалып, тиісінше ұсыныстар ескеріледі. Алға қойылған мақсат мемлекеттік органдардың жұмысының мейлінше ашықтығын қамтамасыз ету, - деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 19.47.30 (2)

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстық департамент басшылары мен орынбасарлары, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, қоғамдық ұйымдардың, бизнес саласының өкілдері, студенттер қатысты.

WhatsApp Image 2023-12-07 at 19.47.30 (1)

Альфия Шамаева,

Фотоға түсірген: Диас Закбаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале