15.12.2023, 16:15
Оқылды: 40

Оралда терезеден құлап кеткен 11 жасар бала есін жиды

  - Ер бала көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Қазір бала есін жинады. Есін біледі, өз бетінше тыныс алып жатыр. Баланы бүгін-ертең облыстық балалар ауруханасына ауыстырады, - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

больница

Қайғылы оқиға тоғызыншы желтоқсанда алтыншы шағын аудандағы көпқабатты үйде болған еді.

11 жастағы жасөспірім терезеден құлап кеткен болатын.

Сол кезде Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы ауыр, ол комада, жасанды желдету аппаратына қосылған. Бала қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды, -  деген болатын.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғағанын айтқан еді.

— Тоғызыншы желтоқсанда сағат 23:40 шамасында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп, аулада тұрған көлікке келіп түскен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша қылмыстық іс ашылды, - деген еді депратаменттің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале