Жәнібек аудандық «Жәнібек» спорт клубы маңында аудан әкімдігінің қолдауымен мұз айдыны ашылды.
Қыс мезгілінің бір қызығы мұз үстінде сырғанаумен өтеді. Жаңа жылдың алдында мерекелік көңіл күйді сезінген аудан тұрғындары мәз-мейрам. Мұз айдынына алғашқылардың бірі болып барған Толқын Кисекова ерекше пікірін білдірді.
- Демалыс күні жақсы хабарды естіп, немерелерім Малика, Миргүл, Тамирланды алып бардым. Мәнерлеп сырғанауға мұз айдынына барамыз дегенде балалардың жүзі бал-бұл жайнады. Өте жақсы, тамаша демалыс болды, - деді.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz