26.12.2023, 13:00
Оқылды: 48

БҚО-да кезекте тұрған 360 отбасы баспаналы болды

Бүгін Орал қаласы Зашаған кентіндегі 9 қабатты үш үй  қолданысқа берілді. Ол жерде 9 қабатты екі үйде 144 пәтерден, ал үшіншісінде 72 пәтер бар.

үй зашаған

Бұл үйлердің бәрі де тұрғын үй кезегінде тұрғандарға «Отбасы банк» арқылы беріліп отыр.

Қала тұрғындарына үйдің кілтін табыстаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз құттықтауында алда әлі талай үй салынатынын атап өтті.

үй11

үй

- Біз биыл қала бойынша 25 пәтер, облыс бойынша 180 пәтер сатып алдық. Келесі жылы облыс көлемінде 290 пәтер мен тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. Соның ішінде қалада кезекте тұрғандарға 130 пәтер беріледі. Міне, бүгінгі үш тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы 360 отбасыны баспанамен қамтып отыр. Бұл үйлердің бәрі де «Отбасы банк» арқылы төмен пайызды несиемен үй алып жатқандарға беріледі. Қазіргі уақытта қалада 14 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұның бәрі тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын шешу үшін жасалып отырған мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Бұл жұмыс мұнымен тоқтамайды. Бүгін үйлі болған баршаңызды құттықтаймын. Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алып, қуанышқа бөленіп жатырсыздар. Жаңа жыл құтты болсын! - деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев.

үй1

Екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген Мейрамгүл Исмагулова қуанышымен бөлісті.

- Мен үй кезегінде 2015 жылдан бері тұрмын. Мүгедектігі бар балам бар. Үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әйелмін. Қалада пәтер жалдап жүрдік, қиын еді. Енді міне жылы, жарық үйге көшіп келіп жатырмыз. Қуанышымда шек жоқ, - деді Мейрамгүл Исмагулова.

үй222

үй0

Қалада көпқабатты үйлердің құрылысы әлі де жалғаса береді.

- Ақжайық шағын ауданында 25 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр, - деді Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

Фотоға түсірген автор 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале