3.01.2024, 22:58
Оқылды: 10

Бәйтерек ауданы: ауыл амбулаториясына жаңа көлік берілді

Бәйтерек ауданына қарасты Үлкен Шаған дәрігерлік амболатуриясында су жаңа «ГАЗ–Соболь» маркалы жедел жәрдем көлігі берілді. 

IMG-20240104-WA0000

Бұл медицина қызметкерлерінің халыққа қызмет көрсету сапасын артыруға септігін тигзері сөзсіз.

Аудандық аурухананың №7 бөлімшесі болып есептелетін аталмыш емдеу мекемесінде фельдшер, мейірбике, тіс дәрігері, санитар, екі екпе мейірбикесі, әлеуметтік қызметкер және жедел жәрдем жүргізуші қызмет етеді. Әсем Түркістанова жетекшілік ететін ұжым Үлкен Шаған ауылынының тұрғындарына ем-домын жасап, аурудың алдын алу шараларын жүзеге асырып, көптің алғысын арқалап жүр. Яғни жыл мезгілдерінің ыссы, суығына қарамайды, күн-түн демей, жедел шақыртуларды қабақ шытпай лезде барып, кәсіби міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді. Осындай ақ желеңді абзал жандардың қызметтерін бұрынғыдан да жақсарту үшін беріліп отырған жаңа көлікке ұжым да, ауыл түрғындары да дән риза. Бұрынғы ескі көлікке қарағанда жылы, жайлы, жұмсақ, әрі тез жүретінін екінің бірі айтып жүр. Сол үшін де көпшілік аудан, аудандық аурухана басшылығына алғыстарын білдіруде.

IMG-20240103-WA0133

Қате аяқ астынан ғой, жуырда кешқұрым қолымды кесіп алып, қан тоқтамаған соң жәдел жәрдем шақыртуға тура келді. Көп кешікпей аймақтық дәрігер Әсем Серікқызы мен медбике Нүрия Құмаева келіп, алғашқы медициналық көмектерін көрсетті.

Эльбрус Қарекенов,

Бәйтерек ауданы

Көшім ауылдық округі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале