Осыған дейін бүгін түнгі сағат 02:07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем жұмылдырылған.
Барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Департаменттің баспасөз қызметігің хабарлауынша, қазіргі уақытта ТЖД қызметкерлері қираған құрылымдардың астынан 6 адамды тапқан.
Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілген.
Ал бір адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Оқиға орнында екі адам қаза тапқан.
Адамдардың жеке басы анықталып жатыр.
Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмысы жалғасуда.
БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы істеп тұр.