5.01.2024, 18:16
Оқылды: 75

Оралдағы жарылыстан төрт пәтер мен екі бизнес нысанға зиян келген

Бұл туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Азамат Халелов айтты.

жкх

Белгілі болғандай Сырым Датов көшесіндегі кафедегі жарылыстан екі бизнес нысан мен төрт пәтер зардап шеккен.

взрыв

-Тұрғын үйге келтірілген шығын көлемі шамамен 2 млн-дай ақша. Мердігер компания «Жаңа Орда» құрылыс мекемесі шығынды өзі өтеуге келісті. Негізі компанияның кепілдік мерзімі аясында жүргізілетін жөндеу жұмысына енді атқарылатын құрылыстар кірмейді. Соған қарамастан құрылыс компаниясының басшысы зардап шеккен тұрғындардың үйлерін жөндеп беруге келісті. Алдағы апта жөндеу жұмыстары басталады,- деді Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Азамат Халелов.

взрыв 1

Ал Сырым Датов көшесі 38 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдің тұрғындары болса жарылыстан қатты қорқып қалғандарын айтады.

взрыв2

-Түнгі екіде жайбырақат төсегімізде жатқанда оқыс дыбыстан шошып ояндық. Төтеншеліктер дереу сыртқа шығарды. Кафе мен үйдің арасы өте жақын. Ара қашықтықты өздеріңіз көріп тұрсыздар. Егер менің үйімнің қабырғасын жұлып әкеткенде мен тірі қалмас па едім. Неге құрылысқа рұқсат берерде айналаны зерттемейді,- деді Гүлмира Жағапарова.

взрыв3

Ал брифингке қатысқан БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің маманы жарылысқа нақты не себеп болғаны тергеу жұмысы аяқталған соң белгілі болатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың үшінен төртіне қараған түні Орал қаласындағы Rizyq кафесіндегі жарылыстан үш адам қаза тауып, 6 адам жараланған болатын.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале