8.01.2024, 16:45
Оқылды: 46

БҚАТУ-да «Денсаулық» спартакиадасы басталды

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Денсаулық - 2024» қысқы спорттық ойындар спартакиадасы басталды.

IMG_8900

Жыл сайын университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында өтетін спорттық шараның салтанатты ашылу рәсімі «Жәңгір хан» спорт кешенінде өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанатына басқарма мүшелері, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, ерлер арасында волейболдан БҚО-ның аға жаттықтырушысы Сергей Сафронов, университеттердің ардагер спортшылары және институттар мен орталықтардың директорлары қатысты.

IMG_8886

Алдымен сөз алған жоғары оқу орнының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:

– Бұл спорттық іс-шараға барлық әріптесіміз қатысып, өз командаларының намысын қолдан бермеуге тырысады. Басты мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту. Командаларға сәттілік тілеймін, мықтылар жеңіске жетсін, – деді.

Шараның қонақтарының бірі – Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов университет ұжымын жаңа жылдарымен құттықтады.

– Жәңгір хан университеті – қаламыз бойынша бұқаралық спортты дамыту жағынан алдыңғы қатарда. Осындай ауызбіршілікпен, жастарға үлгі көрсетіп, еліміздің спортын дамыта беріңіздер, – деді Армат Амангелдіұлы.

Бұдан соң «Жәңгір хан» спорт клубының директоры Руслан Қуанов спартакиадаға қатысушы командаларды жарыстың ережесімен таныстырды.

Биылғы қысқы спартакиадаға білім ордасының оқытушылары мен қызметкерлерінен құралған 7 команданың құрамында 200-ден астам адам қатысуда. Олар спорттың волейбол, баскетбол, футзал, шаңғы эстафетасы, үстел теннисі, жұптық үстел теннисі, шахмат, асық ату, қол күресі, пневматикалық қарудан оқ ату, арқан тарту, көңілді сөре сынды түрлері бойынша өзара бақ сынасады.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале