10.01.2024, 13:09
Оқылды: 48

Диспансер қайта өз ғимаратына көшті

Облыстық тері-венерологиялық диспансері күрделі жөндеуден кейін 19 желтоқсанда қайтадан өз ғимаратына көшті. 10 мамырдан бері жөндеу жұмыстарына жабылған диспансер енді өз пациенттерін заман талабына сай жөнделген, жаңа, жарық ғимаратта қабылдайды.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 14.02.12 (1)

Диспансер директоры Екатерина Ольховскаяның айтуынша күрделі жөндеу жұмыстарына облыс әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 243 880 857,42 теңге көлемінде қаражат бөлінген.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 14.02.11

– Біз біраз уақыт пациенттерді басқа жерде қабылдап, енді өз орнымызға қайта келдік. Ғимараттың шатыры, іргетасы, төбелері, аражабындары мен едендер, терезелер, есіктер мен баспалдақтар жөнделді. Ішкі сылақ, қаптау және сырлау жұмыстары орындалды. Архитектуралық тарихи қалпын бұзбай, ғимараттың қасбеті жөнделді. Барлық жылу жүйелерін, сумен жабдықтау, кәріз, желдету, электрмен жабдықтау және басқа да коммуникациялар, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғылыми-реставрациялық жұмыстары (күрделі жөндеу) жүргізілді. Жалпы диспансерге қаралу үшін терапевт дәрігердің арнайы жолдамасы қажет емес. Тек науқастар алдын-ала жазылып, келгені дұрыс. Біз күніне 150-200 науқас қабылдай аламыз. Ол үшін диспансерде қажетті бар жағдай жасалған. Соңғы кездері тері аурулары көбейіп кетті. Күн салқындағанда асқынып кететін тері аурулары бар. Оның себептері де әртүрлі. Негізінен тері аурулары адамның өмір сүру салтына, дұрыс тамақтануына байланысты ғой. Кей жағдайда экология да әсер етуі мүмкін. Соңғы жылдары жыныс жолдары арқылы жұғатын және онкологиялық тері аурулары күрт өсіп кетті. Осыған байланысты біз де заман талабына сай ауруды ерте анықтайтын, емдейтін құрылғыларды сатып алудамыз. Соның бірі – ПТР зертханасы. 2023 жылдың соңында БҚО денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен халықтың репродуктивтік денсаулығына теріс әсер ететін жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды заманауи және сапалы диагностикалауға арналған (34 250 000 теңге)  ПТР-жабдық сатып алынды. Бұл әдіс несеп-жыныс жолдарының жұқпалы ауруларын тез және сенімді диагностикалауға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, жыныс жолдары ауруларының қауіптілігі сол - ер адамның да, әйел адамның да сәбилі болу мүмкіндігі азаяды. Сондай-ақ витилиго, псориаз тағы басқа күрделі тері ауруларын емдейтін фототерапия кабинасы сатып алынды. Бұл науқастарға қаладан шықпай-ақ жоғары білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Фототерапия кабинасында ультракүлгін сәулелер арқылы созылмалы, күрделі тері ауруларын емдеу жүргізіледі, – дейді диспансер директоры Екатерина Ольховская.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 14.04.29

Облыстық тері-венерологиялық диспансері Назарбаев көшесіндегі 127 үйде орналасқан. 1836 жылы салынған бұл ғимарат қаланың тарихи сәулет ескерткіштерінің қатарына жатады. Диспансер құрамына стационарлық бөлім, дәрігерлік амбулатория, клиникалық серологиялық, ПТР зертхана, физиотерапия кабинеті кіреді.    Аталмыш диспансерде 16 дерматолог дәрігер, 26 мейірбике жұмыс істейді. Жылы және жарық палаталарда тәулік бойы жұмыс істейтін 25 дерматовенерологиялық төсек (ересектерге арналған 16 төсек және балаларға арналған 9 төсек), күндізгі ем алуға арналған 20 төсек қарастырылған.

WhatsApp Image 2024-01-10 at 14.02.12 (3)

WhatsApp Image 2024-01-10 at 14.02.11 (1)

WhatsApp Image 2024-01-10 at 14.02.11 (2)

Гүлжамал Жолдығали, 

Фото авторы: Диас Закбаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале