18.01.2024, 12:30
Оқылды: 70

Тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде?

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әзірленді және халық мүддесін, сондайақ тиісті саясатты іске асырудың негізгі қағидаты мен тәсілін қозғайтын тұрғын үй-коммуналдық даму пайымдауын айқындайды.

ЖП ДОМ (4)

 Осы орайда «Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ахсат Ибраевпен тілдескен едік.

Маманның айтуынша, тұжырымдама ережесі үй шаруашылықтарының санитария, сумен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау саласындағы тіршілікті қамтамасыз етудің базалық қызметтеріне, шалғай жерде тұратын халық үшін қауіпсіз тұрғын үйге қол жеткізуіне, елді мекендерді кешенді және орнықты жоспарлауды қамтамасыз етуді көздейтін тұрақты даму мақсатының жаһандық индикаторына қол жеткізуге бағытталған.

 – «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес аудандар бөлінісіндегі 2023 жылғы республикалық бюджет есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үйлерді сатып алу бойынша Тасқала ауданына 10 тұрғын үй сатып алуға 96 миллион теңге қаражат бөлінді. «Тасқала ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қайталама нарығындағы (вторичный рынок) аудан орталығынан тоғыз тұрғын үйді сатып алды. Қазіргі таңда пайдаланушы ұйымның теңгеріміне беру үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. Аталмыш үйлер үй кезегінде тұрған әр түрлі санаттағы азаматтарға беріледі. Негізі, сатып алуға қарағанда, тұрғын үйді салған тиімдірек. Дегенмен жеке инвесторлар келіп салмаса, қазіргі уақытта қаржы бөліп, үйді мемлекет тарапынан салатын бағдарламалар жоқ. Құрылыстың тоқтау себебі, бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жүзеге асатын еді. Осы бағдарлама арқылы тұрғын үйлер салынып отырды. Қазіргі таңда бұл бағдарлама күшін жойды. Осы тұрғын үйді алудағы мақсатымыз – әлеуметтік осал топтар, әртүрлі санаттағы тұрғын үй-коммуналдық бөлімдерге тіркелген, кезегі келіп тұрған азаматтарға беру. Осы орайда бір, екі, үш, төрт бөлмелі үйлерді де сатып алдық. Әр үйге жалпы баға қойылып, бағалау қорытындысына сәйкес алынды. Алдағы уақытта 10 жаңа тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. Оған қаржы бөлінуде, – дейді Асхат Төлегенұлы.

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале