Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылдық округінде мемлекеттік қызметтің ардагері, Батыс Қазақстан облысының экс әкімі болған Қырымбек Көшербаевтың “Айналайын, Азаттық!” кітабы жарық көрген болатын.
Қырымбек Елеуұлының аталмыш кітабын Бұлдырты орта мектебінің 1976 жылғы түлегі, Сырым ауданының құрметті азаматы, Батыс Қазақстан облысы ауылшаруашылық департаментінің басшысы, 2000-2006 жылдары Сырым ауданының әкімі қызметінде болған Марат Оңғарбеков Бұлдырты мектебінің 100 жылдық мерейтойына орай автордың аманат еткен кітабын табыс етті.
Ашылу салтанатында Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Алмагүл Бисалиева мектеп тарихы жайында қысқаша баяндаса, кеш қонағы Марат Кенжетайұлы өзі аудан әкімі болған сәттегі Қырымбек Көшербаевтың тұлғалық бейнесі, атқарған игі істеріне тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Лед экраннан автордың естелік суреттері, өмірбаяны көрсетілді.
Қ.Көшербаевтың 4 бөлімнен тұратын “Айналайын, Азаттық!” кітабын бұлдыртылық оқушылар оқыған бөлімдерін талдап, мазмұнын ашып берді.
М. Оңғарбеков кітапты талдаған оқушыларға, мектепке естелік сыйлықтар табыстап, кешті ұйымдастыруға мұрындық болған мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Аталған туындының 25 данасын М.Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уалиахметоваға табысталды.
Шара соңында кеш қонақтары ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы