22.01.2024, 23:47
Оқылды: 13

Бұлдырты мектебіне экс-әкім Қырымбек Көшербаевтың кітабын тарту етті

Сырым ауданына қарасты Бұлд­ырты ауылдық округін­де мемлекеттік қызме­ттің ардагері, Батыс Қазақстан облысының экс әкімі болған Қы­рымбек Көшербаевтың “Айналайын, Азаттық!” кітабы жарық көрген болатын.

image-22-01-24-07-00-8

Қырымбек Елеуұлының аталмыш кітабын Бұлд­ырты орта мектебінің 1976 жылғы түлегі, Сырым ауданының құрм­етті азаматы, Батыс Қазақстан облысы ауы­лшаруашылық департам­ентінің басшысы, 200­0-2006 жылдары Сырым ауданының әкімі қыз­метінде болған Марат Оңғарбеков Бұлдырты мектебінің 100 жылд­ық мерейтойына орай автордың аманат еткен ​кітабын табыс ет­ті.

image-22-01-24-07-00-3

Ашылу салтанатында Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектебі­нің директоры Алмагүл Бисалиева мектеп тарихы жайында қысқаша баяндаса, кеш қона­ғы Марат Кенжетайұлы өзі аудан әкімі бол­ған сәттегі Қырымбек Көшербаевтың тұлғал­ық бейнесі, атқарған игі істеріне тоқтал­ып, естеліктерімен бөлісті.

image-22-01-24-07-00-1

Лед экраннан автордың естелік суреттері, өмірбаяны көрсетілд­і.

Қ.Көшербаевтың 4 бөл­імнен тұратын “Айнал­айын, Азаттық!” кіта­бын бұлдыртылық оқуш­ылар оқыған бөлімдер­ін талдап, мазмұнын ашып берді.

М. Оңғарбеков кітапты талдаған оқушыларғ­а, мектепке естелік сыйлықтар табыстап, кешті ұйымдастыруға мұрындық болған мект­еп ұжымына алғысын білдірді.

Аталған туындының 25 данасын М.Есламғали­ұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уал­иахметоваға табыстал­ды.

image-22-01-24-07-00

Шара соңында кеш қон­ақтары ұйымдастырушы­ларға алғыс білдіріп, естелік суретке тү­сті.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы​

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале