Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы мен «Sultan Magazine» қоғамдық-саяси және ақпараттық-танымдық журналының бірлесіп ұйымдастыруымен аталған қаланың Үскідар ауданында «Ұлы дала әйелдері» атты қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті.
Бұл жолы түрік ағайынның назарына ұлт мақтанышына айналған 12 тарихи тұлғаның майлы бояумен салынған туындылары ұсынылды.
Бұдан бөлек шығармалары көрмеге қойылған 5 суретшінің қатарында Оралдағы «Атамекен» өнер ордасының өнертанушысы Нұрбек Жәрдемов те бар. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Тұран» халықаралық сыйлығының лауреаты Нұрбек Екпінұлының «Гаухар», «Қыз Жібек», «Мәншүк» картиналары шетелде өз тартымдылығымен ерекшеленіп, келушілерді тәнті етті.
Алтынбек Ермекқалиев,
Орал қаласы