Оралда заңсыз қару мен есірткі сақтаған тұрғын ұсталды.
Фото: БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған видеодан кадр
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер саяжайдағы үйдің бірінің тұрғынын ұстаған.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында спецификалық арнайы иісі бар өсімдік тектес зат салынған 2 литрлік екі шыны ыдыс тәркіленген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 626,25 грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Сонымен қатар тінту кезінде тегіс ұңғылы аңшылық шолақ мылтық табылып, тәркіленді.
Есірткі мен қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
zhaikpess.kz