31.01.2024, 10:45
Оқылды: 130

Есірткі мен заңсыз қару сақтаған оралдық ұсталды

Оралда заңсыз қару мен есірткі сақтаған тұрғын ұсталды.

288d96f8-6349-4b47-8812-90b67220041f

Фото: БҚО полиция департаменті баспасөз қызметі ұсынған видеодан кадр

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер саяжайдағы үйдің бірінің тұрғынын ұстаған.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында спецификалық арнайы иісі бар өсімдік тектес зат салынған 2 литрлік екі шыны ыдыс тәркіленген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 626,25 грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталды.

Сонымен қатар тінту кезінде тегіс ұңғылы аңшылық шолақ мылтық табылып, тәркіленді.

Есірткі мен қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале