2.02.2024, 12:15
Оқылды: 45

Бөрлілік Рустам Мамбетқұлов ҚР чемпионы атанды

Алматыда парадзюдодан 2024 жылғы Қазақстан Чемпионаты өтті. 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ұйымдастырылған байрақты бәсекеде Бөрлі ауданының татами шебері Рустам Мамбетқұлов чемпион атанды.

Рустам1

Қазақстанның 12 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан қатысқан спортшылар арасында топ жарып, шын шеберлігін дәлелдеген бөрлілік спортшы алдағы уақытта әлемдік додаларда бақ сынайды.

Айта кету керек, Рустам Мамбеткулов пара дзюдодан J-1 санаты бойынша (көзі мүлдем көрмейтін адамдар) 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Қуанышты жаңалықты спортшының бапкері Қасым Қаженов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

 - Шәкіртім Рустам Мамбеткулов парадзюдодан ҚР чемпионатының жеңімпазы. Жарайсың, батырым! Барша дайындыққа атсалысқан жанға алғысым шексіз. Олимп шыңын бағындыруды жазсын! − деп сүйіншіледі Бөрлі ауданының жаттықтырушысы.

Аслан Нұразғали,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале