Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапичті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген: Гүлмира Сарсенғали
Ардагер 101 жасқа толып отыр.
– Сіздердің өшпес ерліктеріңіздің арқасында ұрпағымыз тыныш заманда өмір сүріп, елімізді дамыту жолында еңбек етуде. Ерлік жолыңыз – жастарға үлгі өнеге. Туған күніңіз құтты болсын! Деніңізге саулық тілеймін, - деді Нариман Төреғалиев.
Иван Степанович өз еркімен майданға аттанып, Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысқан.
Жаудың тылында жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, «Қызыл Жұлдыз» ордені және 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.
Былтыр ардагерге Мемлекет басшысының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.
zhaikpress.kz