2.02.2024, 15:00
Оқылды: 21

БҚО әкімі 101-ге келген Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапичті құттықтады

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапичті туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

иван гапич 102

Суреттерді түсірген: Гүлмира Сарсенғали

Ардагер 101 жасқа толып отыр.

– Сіздердің өшпес ерліктеріңіздің арқасында ұрпағымыз тыныш заманда өмір сүріп, елімізді дамыту жолында еңбек етуде. Ерлік жолыңыз – жастарға үлгі өнеге. Туған күніңіз құтты болсын! Деніңізге саулық тілеймін, - деді Нариман Төреғалиев.

иван гапич 101

Иван Степанович өз еркімен майданға аттанып, Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысқан.

иван гапич 101

Жаудың тылында жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, «Қызыл Жұлдыз» ордені және 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.

иван гапич 101

Былтыр ардагерге Мемлекет басшысының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале