Оралда шаңғы тебу жарысынан облыс чемпионаты алауын жақты.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн кешігіп басталған өңір шаңғышыларының жарысына, облыс орталығы мен аудандарынан келген 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бәсеке жоғары деңгейде өтіп жатыр.
Жыл өткен сайын жастар арасында үлкен танымалдыққа ие бола бастаған шаңғы жарысына келген спортшылар жеңіске жету үшін барын салуда.
- Кешегі дүлей боран біраз жоспарды бұзды. Соның салдарынан Ақжайық ауданының командасы келе алмады. Десе де жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр деп сеніммен айтуға болады, - дейді шаңғы спортынан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Серік Хайруллин.
Биылғы облыс чемпионатының тағы бір қызықты тұсы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді orgeo сайтынан онлайн білуге болады.
Қазір жарысты 2009-2010 жылғы қыздар мен ұлдар аяқтады.
Қыздар сынын Ксения Кудрявцева, ұлдар бәсекесін Наиль Сәтбаев жеңді.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz