ҚР Парламенті Мәжілісі ғимаратында маска тағып жүру режимі енгізілді.
Фото: parlam.kz
- Президент ісі басқармасы медицина орталығының бас санитарлық дәрігері А. Темірғалиеваның 6.02.2024 ж. қаулысына сәйкес Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 7 ақпаннан бастап міндетті маска тағу режимі енгізілді. Сонымен қатар індеттің алдын алу шаралары жүріп жатыр. Мәжілістегі іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі, - деп хабарлады ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты Мәжілістің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінен іс-шараларға маска тағып келуді сұрайды.