15.02.2024, 17:15
Оқылды: 6

Жалпақтал ауылында қауіпсіздік жайы қозғалды

Бүгін Жалпақтал ауылында Ғинаят Молдашев атындағы ОЖББ мектебінде аудандық террористік тұрғыдан осал объектілердің тізімінде тұрған мекемелердің қауіпсіздік мәселесіне байланысты семинар кеңес өтті.

20240215_104303

Оған полиция бөлімі, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары және оған бекітілген жауапты қызметкерлер қатысты.

– Ауданымыз бойынша террористік тұрғыдан осал объектілердің тізімінде тұрған мекемелердің қауіпсіздік мәселесіне байланысты әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен семинар кеңес — жаһандану заманында әлемнің кез келген тұсында болған оқиғадан сабақ алуға жол ашады. Өйткені көптеген елдердегі қандай да жағдай болсын, біздің елімізде де қайталануы әбден мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан терроризм сияқты қылмысқа қарсы күрес адамзатқа ортақ мәселе ретінде қарастырылатыны сөзсіз. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Террористік тұрғыдан осал объектілер тізбелерін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2021 жылдың 12 сәуіріндегі «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» №234 қаулысына сәйкес қазіргі уақытта Казталов ауданы аумағында террористтік тұрғыдағы осал обьектілер қатарына тізім бойынша 45 обьекті кіріп отыр. Олардың ішінде бірінші санатта аса маңызды мемлекеттік обьекті – 7 (Казталов аудан әкімі аппараты, Мәслихат аппараты, Прокуратура, Казталов АПб ғимараты, Жалпақтал Пб, Казталов сот, №2 сот), екінші санатта стратегиялық обьекті – 1 (Лекер су қоймасы), үшінші санатта қауіпті өндірістік обьекті – 1 (Жалпақтал обаға қарсы күрес станциясы), төртінші санатта адамдар көп жиналатын обьектілер – 36 (20 мектеп, 1 интернат, 3 балабақша, 1 колледж, 2 мәдениет үйі, 2 аурухана, 7 мейрамхана (Анашым, Ақниет, Мирас, Алаша, Әліби, Ақниет, Қожа).

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңның 10-3-бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік іс-әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтауға міндетті. Біз бүгін күн тәртібіне үш мәселені ұсынып отырмыз, - деді Зәйлім Исатайқызы өз хабарламасында.

Одан кейін аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы Айдана Мұханбетова террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру және  өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы баяндама жасаса, Жалпақтал полиция бөлімі бастығының орынбасары Амандық Жақсығалиев терроризм актілерінің алдын алу бойынша хабарлама жасады.

Казталов ауданы әкімі аппаратының терроризмге қарсы жұмыс тобының мүшелері аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен бірлесе аудандық террористік тұрғыдан осал объектілер тізімінде тұрған мекемелердің қауіпсіздік және инженерлік-техникалық талаптарына сәйкестігін қадағалау мақсатында ақпан, наурыз айларында зерделеу жүргізетін болады.

Сондықтан семинар соңында объект басшыларына террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын тиісті талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале