Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды. Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі жазды.
Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына төрт күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері.
Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Егер сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.