15.02.2024, 17:30
Оқылды: 519

Оралда қылмыстық топ ұсталды

Орал қаласында қылмыстық топ ұсталды. Олар қаладағы сауда орталықтарының қызметкерлері мен оқу орындарының студенттерін тонап, ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі жазды.

IMG_1368

Видеодан скрин

Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына төрт күдікті қамауға алынды. Алаяқтық әрекеттерге барғандардың барлығы колледж студенттері.

Қылмыстық топқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап, ұстау бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Егер сіз ұсталған тұлғалардан зардап шеккен болсаңыз, дереу полиция қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале