15.02.2024, 18:00
Оқылды: 3

Казталовта қызылшаға қарсы штаб отырысы өтті

Казталов ауданында қызылшаға қарсы штаб отырысы өтті. Оған санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров қатысып, аудандағы қызылша бойынша ахуал және жаппай иммундау жүргізу көрсеткіштері туралы баяндады.

image-15-02-24-04-06

Бүгінгі таңда өңірімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Казталов ауданында жаңа жылдың бастап сегіз қызылша жағдайы тіркеліп отыр. Казталов ауылында – жеті, Қарасу ауылында бір жағдай тіркелді.

Қызылшаға күдікті бес жағдай зертханалық тексеріліп, жұмыс барысында үш жағдай зертханалық дәлелденді. Жас құрамы бойынша ауырғандардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар 71% құраса, соның ішінде 1 жасқа дейінгі – бір бала, 1-4 жасқа дейінгі – үш бала, 5-9 жас аралығында – екі бала.

Егу статусы бойынша ауырғандардың жетеуі қызылшаға қарсы екпе алмаған және егу статусы белгісіз адамдар, соның ішінде екпеге қарсылық білдіргендер – үш бала (бір үйдің балалары), медициналық қарсы көрсеткіштер бойынша – бір бала, егу жасына жетпеген – бір бала және екі (ересек) адамның егу құжаты белгісіз.

Бір бала қызылшаға қарсы екпелерін алған (1 жас – 12.08.2015 ж, 6 жас – 23.11.2020ж).

image-15-02-24-04-06-2

Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу кезінде 56 қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Оның ішінде шұғыл вакцинациялауға жататын адам анықталған жоқ. 6-10 ай 29 күн аралығында, жоспар бойынша – 296, егілгені – 171 бала (57,7%), соның ішінде Казталов РБ – 73, РБ – 98.

2-4 жас аралығында жоспарда – 1 602, егілгені – 1 347 (84,08%) құрады, соның ішінде:

– 2 жас, жоспар – 564, егілгені – 469 бала (83,1%)

– 3 жас, жоспар – 484, егілгені – 412 бала (85,1%)

– 4 жас, жоспар – 554, егілгені – 466 (84,1%).

Штаб отырысының соңында аудан әкімінің орынбасары жауаптыларға эпидемиямен күрес шараларын тиісті талаптарға сай атқарып, профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале