15.02.2024, 18:10
Оқылды: 15

«Кәсіп бар жерде береке бар» – көпбалалы ана

Мемлекеттің қайтарымсыз несиесі басталғалы бері талай адам екі қолға бір күрек тауып, кәсіптерін қолға алуда.

image-15-02-24-04-04-2

Бұл дегеніңіз – жұмыссыздардың саны азайып, өз өнімімізді жаңартып, кәсіп көкжиегінің кеңеюіне үлесімізді қосып жатқандығымыздың белгісі.

Талдыапандық көпбалалы ана Гауһар Утеева кәсіпке бетбұрған нәзікжандының бірі. Ол былтырғы жылы қайтарымсыз грант алуға өтініш білдірген. Көпбалалы ананың өтініші қабылданып, грант қаражатына ие болған еді.

Мемлекеттен берілген қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарын алып, наубайхана кәсібін бастайды.

Күні бүгінде ол ауылдастарын ыстық әрі балғын нанмен қамтып, кәсібінің берекесін көріп отыр.

Кейіпкеріміз кәсіп бастаудың қыр-сырымен бөлісті.

– Наубайхана ісімен айналысу ойымда жүрген еді. Былтыр осы ойымды іске асырайын деп жобамды комиссия алдында қорғап, грант қаражатына ие болдым. Қажетті заттарымды алып, кәсібімді бастап кеттім. Шүкір, ісім алға басып, өнімге сұраныс артып келе жатыр. Болашақта наубайханамды кеңейтіп, кондитерлік өнімдерді де қолға алмақ ойым бар, - деп жарқын жоспарларын да тілге тиек етті ол.

Кәсіптің көзін тапқан Гауһар қазіргі күнде күніне 10-25 таба нан сатады. Нанның бағасы да қолжетімді.

«Еңбекпен келген нан тәтті» деген осы болса керек-ті.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале