Бүгін Тасқала ауданы Амангелді мектебінде Тасқала аудандық «Тағылым» Үздік ұстаздар ассоциациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет бастау алған «Ұстаз жолы – дара жол» атты шара өтті.
Кештің басты кейіпкері көп жылдар мектеп директоры болып қызмет атқарған, ардагер ұстаз Айман Оразалиева болды. Әсерлі де әдемі өткен аталмыш кешке аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимова, сондай-ақ, бірге қызмет атқарған әріптестері Ұлмекен Сараева, Күләш Шапикова, Мерей орта мектебінің мұғалімі Артур Дүйсенов, отбасы мен бауырлары, құрбылары қатысты.
Шара ұстаздың еңбек жолынан өрілген бейнебаянмен басталды. Одан әрі аудан әкімінің орынбасары Саягүл мәулетқызы сөз алып, жылы лебізін білдіріді. Айман Оразалиеваға Тасқала ауданының 90 жылдық төсбелгісін табыс етті. Келген құрбы құрдастары ардагер ұстаз туралы жылы естеліктермен бөлісті.
Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz