3.03.2024, 18:37
Оқылды: 26

Казталов ауданы: мектеп оқушылары аспаздарға алғыс айтты

Жалпақтал ауылындағы Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары көктем мезгілінің алғашқы мерекесімен тұспа тұс келген 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай бесаспап қолдарымен дәмді тағамдар дайындап жүрген мектеп асханасының аспаздары Айнұр Қисымеденқызы мен Райгүл Рахметоллақызына өздерінің жүрекжарды ілтипаттарын көрсетіп, шынайы алғыстарын білдірді.

IMG-20240302-WA0070

Мереке күні көппен бірге оқушылар алғысына бөленген қос бірдей әмбебап аспазға біздер де алғыс айтамыз.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале