Шыңғырлауда ауданында кеше жұрт өз таңдауын жасады. Ардақ және Шыңғырлау ауылдық округіне әкім сайлау құқығына ие болған шыңғырлаулықтар бұл күні сайлау учаскелеріне ұйымшылдықпен келді.
Бүгінгі күні бұл сайлаудың да нәтижесі белгілі. Аудандық сайлау комиссиясының хабары бойынша Шыңғырлау ауылдық округіне 3046 (72,3%) дауыс жинаған Саида Бркенова, ал Ардақ ауылдық округіне 81 (73,0%) дауыс жинаған Мәди Сатыбалдиев ауылдық округ әкімі қызметіне кіріспек.
Әкімшілік қызметтерде тәжірибе жинап, өзіндік ұстанымдарын қалыптастырған жаңа әкімдер елдің мұң-мұқтажын шешіп, іргелі өзгерістерге жол ашып, жаңашылдыққа ұмтылуда алдарына жан салмайды деп сенеміз.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz