12.03.2024, 14:30
Оқылды: 56

Қазақстанда 11 жастан асқан қыздарға вакцина салу жоспарланып отыр

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

8b59b0580415aa4ddcd0d81eb0d6a819_1280x720

Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігін қоса алғанда, әлемнің 117 елі адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.

334cc768ba41895bd54a4d624cd15aed_1280x720

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

ДДҰ ұсынымына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ-9-14 жас аралығындағы қыздар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарланып отыр.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале