20.03.2024, 16:45
Оқылды: 29

Түркістан – Самарқанд: QAZAQ AIR жаңа рейс ашты

QAZAQ AIR әуе компаниясы Түркістаннан Самарқанд қаласына 15 наурыздан бастап тікелей рейстер ашты.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Снимок экрана (16)

Фото: www.flyqazaq.com

Халықаралық тұрақты рейс de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы әуе лайнерлерінде аптасына екі рет ұшады.

Жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 509 Түркістан 20:20 – Самарқанд 21:20

IQ 510 Самарқанд 22:10 –  Түркістан 23:10.

«Жаңа рейс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Әуе билеттің құны бір бағытқа 25 697 теңгеден басталады. Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуекомпаниясы Қазақстан қалаларынан Новосібір, Омбы және Екатеринбург халықаралық тікелей және қосылатын рейстерді орындайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале