20.03.2024, 17:57
Оқылды: 31

Кезектен тыс сессияда екі маңызды мәселе қаралды

Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың қатысуымен және аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашевтің төрағалығымен аудандық мәслихатының кезектен тыс XV сессиясы өтті.

image-20-03-24-05-42-1

Кезектен тыс сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, салалық бөлім басшылары қатысса, округ әкімдері онлайн режимде қатысты.

Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс екі маңызды мәселе қаралды.

image-20-03-24-05-42

Сессиянын күн тәртібінде Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-1 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және 2024 жылы Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру және бір жолғы көтерме жәрдемақы беру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова баяндамасын ұсынды.

Күн тәртібінде көтерілген аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясында шешім депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

Гүлнұр Сәуірғалиқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале