23.03.2024, 15:30
Оқылды: 94

Казталов ауданында «Жадыра» көрерменімен қауышты

Ел есінде қалған Сағит Садықов, Ғалымжан Нығметов, Қатимолла Бердіғалиев, Тельман Имашев, Қабдығали Жақыпов, Сандуғаш Бекхожина, Зәуреш Базарғалиева сынды сахна майталмандары Казталов ауданы мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосты. Соның бір айғағы олар — «Жадыра» ойын-сауық отауын құрған еді.

20240322140022_IMG_2688

«Жадыра» халықты жадыратып, көрермен жүрегінен елеулі орын алды. «Жадыра» болатын кезде халыққа билет жетпей, 2-3 күн қатарынан мәдениет үйінде аншлаг болып жататын. Сол кездегі аға-апаларымыздың сахналаған интермедиялық қойылымдары, әуелеген әндері мен мың бұралған билері көрермен жадында әлі де болса ұмыта алмай, айтып жүр.

90 жылдары «Жадыраның» жаңа толқыны өнер сахнасына шықты. Жанболат Хайрушев, Марат Нұрғалиев, Берік, Нәрік Дүйсеновтер, Қайрат Абдулов, Тауасих Тақаевтар ағалар ізін жалғады. Олардың өзі қырықтың қырқасынан асып, елудің шыңын бағындырып жүр.

20240322135245_IMG_2682

Бүгінде сол аға буынның ізін жалғастырып, киелі сахнада «Жадыраны» жадыратып жүрген Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының еңбегін атап айтуға болады.

22 наурыз күні орай аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Жадыра» ойын-сауық отауының концерттік бағдарламасы халық назарына ұсынылды.

20240322135257_IMG_2684

Сахна шымылдығын Жанболат Хайрушев, Нәрік Дүйсенов, Марат Нұрғалиев, Берік Дүйсеновтер мерекелік арнаумен ашып, шымшыма әзіл әнмен халықты бір серпілтіп тастады. Бүгінгі қойылымдардың бір ерекшілігі сахна төріне Марат Нұрғалиев пен Берік Дүйсеновтер қайта оралып, өнерлерін көрсеткені.

20240322140228_IMG_2692

Сахнада Сыйлық Құсайынова «Шашу» әнімен Наурыз мейрамының шырайын ашып берді. Халықтық «Қарлығаш» халықтық би ансамблінің бишілері «Қазақ», «Татар» билерімен өрнектеп, көрерменнің ықыласына бөленді.

20240322141142_IMG_2706

Кеш барысында «Дүкен», «Жеребевка», «Нянка» интермедиялары көрініс тауып, әртістердің актерлік шеберліктерінің арқасында жиналған көпшілікті қыран-топан күлкіге батырды. «Жадыраның» әзілдерін сағынған көрермен ықыласын ұзақ соққан шапалақпен білдірді.

Сахнада «Ақторғын» ансамблі, Сыйлық Құсайынова, Нәрік Дүйсенов, Аягүл Шоқпанова, Қайрат Абдулов баласы Ералы, Мейрам Мақсот, Оралхан Ерғалиев, Мұрат Ахметов, Балғаным Ғұбашева, Санжар Алипов, Нұргелді Камалетдинов, орындаған тамаша әндер көрермен көңілінен жол тапты. Сахнада «Кешке әуен» вокалды-инструментальдық ансамблі өнерлерін көрсетті. Кешкі әуеннің әсерлі әндері мен әуендері ерекше сезім сыйлады.

20240322152337_IMG_2795 (1)

«Жадыраны» тамашалаған көрермендер үлкен әсер алып, қуанышты көңіл-күймен үйлеріне тарап жатты.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале